Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елордалық жедел жәрдем автопаркі 2 есе ұлғайды

Бүгінде 100-ден аса медицинадық қызметкерлері бар Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметінде 118 автокөлік бар.

Осы жылы қалалық әкімдік пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «103»-тің автопаркі 31 реамобильді көліктермен толықтырылды. Жап-жаңа көліктер кілтерін күзде қала әкімі табыстаған болатын. Әр машина пациенттің денсаулық жағдайын бақылау мен тасымалдау үшін заманауи техникамен жабдықталған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне орай Елбасының бастамасымен Кәсіпорын паркі тағы 17 бірлік жаңа техникамен толықтырылып отыр.

Құттықтау сөзімен жаңа көліктердің кілтерін қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен табыстады7

«Бүгін болсын, әр кез тұрғындардың денсаулығын сақтау күрес жолында сіздердің еңбектеріңіз қажырлы. Әсіресе қазіргі қиын-қыстау заманда жедел жәрдем қызметкерлерінің жүктемесі артты, жұмыстың ауыртпалығы білінді. Пандемияға қарсы күресте, халық денсаулығын нығайтуда қолдарыңыздан келгенін жасаудан жалықпайсыздар. Оны байқамау мүмкін емес», – деді сөзінде әкім орынбасары.

Жыл соңына дейін кәсіпорынды тағы 18 бірлік автокөліктермен жаңарту жоспарда, осылайша бұл Кәсіпорын паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді.

2019 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен жедел жәрдем қызметі үшін 52 автокөлік сатып алынды. Медициналық қызметті жақсартуға, оның ішінде жедел жәрдем қызметі жұмысын жақсартуға ел басшылығының жітті назарында», – деп толықтырды Бахтияр Мәкен.