"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу тәртібі



АМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу ережелеріне сәйкес азаматтар тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын шекаралас аудандарда тұратын азаматтарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі медициналық ұйымдардағы дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып жүзеге асырылады, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығымен басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын емханаға тіркеледі.

            Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі емхананың аумақтық қызметін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтаудың жергілікті органдары АМСК қызметтерінің барынша қол жетімділігін ескере отырып анықтайды.

Тіркелген халықты аумақтық қызмет аймағы шегіндегі учаскелер бойынша бөлуді емхананың бастығы бекітеді.
Дәрігер мен емхананы азаматтардың еркін таңдауы бойынша тіркелуі жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.

Емхананың аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын адамдарды тіркеген кезде үйде медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі алдын-ала келісіліп, тіркелу  туралы анықтамада (талонда) көрсетіледі.

Сонымен қатар, осы емхананың қызмет көрсету аумағында тұратын азаматтар бірінші кезекте емханаға тіркелетінін ұмытпаған жөн.

Азаматтар тек бір ғана АМСК ұйымына тіркеледі.

Жаңа емханаға тіркелу тәртібі
Емханаға тіркеу тікелей немесе жазбаша сұрау салумен, кез-келген нысандағы өтініш және жеке басын куәландыратын құжат негізінде (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген басқа құжат), емхананың жұмыс кестесіне сәйкес кез-келген күнтізбелік уақытта, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Веб-портал арқылы байланысқан кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ақпарат, қызмет беруші (емхана) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Азаматтың ЭЦП бар болған жағдайда электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркелу мүмкіндігі бар. Азаматтардың АМСК ұйымына тіркелуін куәландыратын құжат медициналық ұйымға тіркелу талоны болып табылады. Тіркеу талоны медициналық ұйымның медициналық тіркеушісімен беріледі.

Веб-портал арқылы жүгінген кезде тіркеме туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымының) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде беріледі.
Азаматтар емханаға тікелей байланысқан кезде және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы кірген кезде, бұрын тіркелген АМСК ұйымынан бөлу автоматты түрде «Тіркелген халықтың тізілімі» порталының дерекқоры арқылы жүзеге асырылады.

Егер отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну кезінде, еркін нысандағы өтініш негізінде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болса, тіркеуге рұқсат етіледі.

Егер пациент басқа елді мекенге (іссапарға, қонаққа барса және т.б.) барып, ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін жақын жердегі медициналық мекемеге бара алады немесе жедел жәрдем бригадасын шақыра алады.

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Мұратов Тимур Мұратұлы
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы