Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Айлықтың басталуы туралы ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында туберкулезді бақылауда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды жақсартуда көрініс табатын туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижелері туралы айтуға болады.

Мәселен, соңғы он жылда елордада туберкулезбен ауыру және туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды.

Бірақ 2020 жыл СOVID-19 пандемиясына байланысты өз түзетулерін жасап, туберкулезді дер кезінде анықтауға бағытталған іс-шаралар көлеміне ықпал етті. Карантин кезеңінде профилактикалық іс-шаралардың шектелуіне, халықтың МСАК ұйымдарына жүгінуінің азаюына байланысты “Жоғары қауіпті” топтарда туберкулезді анықтаудың 3 есе төмендегені байқалады. Сондай-ақ, 2020 жылы туберкулез бойынша тексеруге жіберілген пациенттер саны 20% – ға азайды.

Бұл, әрине, осындай ауыр жұқпалы аурудың уақтылы және ерте диагнозына тікелей әсер етті.

” Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы” ММ, МСАК ведомстволық бағынысты ұйымдары және “Қалалық фтизиопульмонологиялық  орталығы” ШЖҚ МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2021 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында “Уақыт өтіп бара  жатыр!» ұранымен айлық өткізіп жатыр.

Бұл ұран-тек медициналық ұйымдарға ғана емес, қаланың барлық тұрғындары мен елорда қонақтарын туберкулезге тексеруден өтуге, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруға, әрбір адамның өз денсаулығына қатысты белсенді жеке өмірлік ұстанымын қалыптастыруға шақырады.

Айлық кезінде қаланың медициналық ұйымдарының әлеуметтік желілерде және YouTube арнасында көптеген ақпараттық материалдар ұсынылады. Туберкулез саласындағы мамандармен тікелей эфирлер қолжетімді болады, оларға осы аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы кез келген қызықтыратын сұрақ қоюға болады. “Жоғары қауіп” тобына жататын тұлғаларды туберкулезге профилактикалық қарап-тексеруден өткізуге және ақпараттандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Пандемия жағдайлары қазіргі және болашақ ұрпақ үшін әлеуметтік маңызы бар кем емес жұқпалы ауруды – туберкулезді анықтауды ұйымдастыруда ерекше көзқарасты талап етеді.