Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Алокголизмнің алдын алу 

Вашингтон университетіндегі ғалымдар осы саладағы ең ауқымды зерттеуді жүргізіп, алкогольдің кез келген мөлшері зиянды екенін айқындаған: алкогольдің  тіпті ең аз мөлшері де денсаулыққа ауыр зиян келтіреді және мезгілсіз қаза қатерін едәуір арттырады.

Бүгінгі  таңда алкоголизмнің алдын алу  бастапқы және қайталама профилактика деп шартты бөлінеді.

Бастапқы профилактика осы жолға әлі түспеген, ішімдікке тәуелділіктің  жан түршігерлік шынайылығымен кездеспеген адамдарды ескертуге бағытталған. Алкоголизмнің бастапқы профилактикасының ең қарапайым және өте тиімді жолының бірі  адамға осы науқастың барлық  қиыншылықтарын барынша толық және дұрыс жеткізуде  тұрады!

Кез келген дұрыс пікірлі адамның санасында ішетін адамның бейнесі – теріс. Алкогольсіз өмір  жайлы әрі жағымды, өткінші масайрау  және сананың жабырқауы – ішімдікті ішудің келеңсіз салдарлары үшін өте қымбат ақы. Алкоголизмнің бастапқы бастапқы профилактикасында  тәрбие мен отбасы ішіндегі ішімдіктерді ішуге қатысты көзқарастың маңызы айтарлықтай. Дастархан басындағы отырыстар ішімдіксіз өтпейтін отбасында өскен балада алкогольге деген теріс көзқарас қалыптасар ма екен –  керісінше болатны сияқты. Сол арада, арақ ішпейтін адамдар өзінің алкогольге деген көзқарасын өте сирек өзгертеді, оның үстіне, олар өз жақындарын ішімдіктен бас тартуға көндіреді. Ойдағыдай жүргізілген алкоголизмнің бастапқы   профилактикасы   – келешекте көптеген проблемалардың алдын алудың ең жақсы тәсілі.

Алкоголизмнің қайталама профилактикасы   «ішімдікке тәуелділік» деген үлкен  бәлеге ұшыраған науқас адамдарға көмек көрсетуде тұрады. Ішімдікке тәуелділік салдарынан туындаған шындықты бұрмаланған түрде қабылдау  науқастың сезімінде  алкоголизм белгілерін басады, ол өз тәуелділігін тіпті аңғармай да қалады.

Бұл жағдайда маскүнемнің кәсіби көмексіз осы ауыр науқаспен күресге шамасы келмейді.

Қайталама профилактиканың басты міндеті науқасқа өз проблемаларын сезінуге және өз бетімен әрекет етуді бастауға көмектесуде тұрады. Маскүнемді оның организмі толыққанды өмірмен  үйлесімсіз патологиялық өзгерсітерге ұшырамай тұрғанда тоқтату өте маңызды.

Салауаттылық — өмір салты!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы