)
Бүгін апта сайынғы жұмыс кеңесінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басшысы Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы басшылығымен азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеудің мәселелері жөнінде айтылды. Осы мәселені талқылау үшін “Азаматтар үшін үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КеАҚ өкілдері шақырылды. Мақсаты – азаматтарға қалалық емханаларға еркін тіркелуді қамтамасыз ету.
Жұмыс кеңесінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 ай мерзіміндегі алдын-ала көрсеткіштерді талқылады. Интеграцияланған медициналық көмекті көрсету бойынша бес жол карталарының (миокардтың жіті инфарктісі; ми қанайналымының жіті бұзылуы (инсульт); қатерлі ісіктер; жарақаттар; бала мен жүктілік және босандыру) негізгі көрсеткіштері мен индикаторлары бойынша талдау жасалынды.
Сонымен қоса, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының KPI-индикаторлары талқыланды. Басшы Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы «iкөмек – 109» жүйесіне түсетін әрбір сұрақты сапалы және өз уақытында өңдеу қажеттігін айтып кетті.