"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

Ауруханаға жатқызу мәселелері мен тәртібі



Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады, онда емхана дәрігері пациентті емдеуге жатқызу үшін жолдамаларын тіркейді.   Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы түрде келесі медициналық ұйымдар стационарлық көмек көрсетеді: қалалық стационарлар:

ШЖҚ « №1 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ   «№2 қалалық көпсалалы аурухана» МКК

ШЖҚ «№2 перинаталдық орталық» МКК

ШЖҚ « №3 перинаталдық орталық» МКК

ШЖҚ «  №1 қалалық балалар ауруханасы» МКК

ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК

ШЖҚ  №3 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы» МКК

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталық жол аурухана» ЖШС

 

Қалалық мамандандырылған стационарлар:

ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК 

ШЖҚ «Дерматология және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу орталығы» МКК

ШЖҚ «Наркология және психотерапия»  МКК

ШЖҚ «Психикалық денсаулық медициналық орталығы» МКК

ШЖҚ «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» МКК

 

Жеке стационарлар:

«Мейірім көпсалалы медициналық орталық» ЖШС

«МОД және Компания»  ЖШС

«Медстатус Групп» ЖШС

«Клиника Аланда» ЖШС

«Премиум-Мед» ЖШС

«B.B.NURA» ЖШС

«Астана Эколайф» ЖШС

«Экомед Плюс» ЖШС

«Green Clinic» ЖШС

 

Сондай-ақ 8 республикалық клиника жоспарлы түрде стационарлық ем көрсетеді.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін тіркелген жері бойынша емханаға дәрігерге бару және емхана жағдайында қажетті ең төменгі тексеруден өту қажет.

Ол үшін емдеуші дәрігерге жүгіну қажет; жоспарлы емдеуге жатқызуға айғақтар болған жағдайда емхана дәрігері диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық) зерттеулер, салалы мамандардың консультацияларын жүргізеді; одан кейін пациент стационарды еркін таңдауды және ұзақ күту мерзімі аз стационарлардың ұсынылған балама нұсқасын ескере отырып, дәрігермен стационарды таңдауды талқылайды, содан кейін дәрігер жолдаманы «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді; ЕЖБ порталында жолдаманы тіркегеннен кейін емделуші міндетті түрде емдеуге жатқызу күніне дейін емдеуші дәрігерде үздіксіз бақылауды жалғастыруға тиіс.

Пациенттің республикалық және қалалық клиникаларда жоғары технологиялық медициналық қызметті (ЖТМҚ) алуы қажет болған жағдайда, емхана дәрігері қажетті құжаттар пакетін «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді.

Комиссия оң шешімінен кейін «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ маманы ЕЖБ порталында жолдаманы тіркейді, одан кейін емханаға емдеуге жатқызудың көрсетілген күнімен жолдаманы жібереді.

Стационарға жатқызу кезінде жоспарлы емдеуге жолдама алғаннан кейін емделушінің өзімен бірге:

емдеуге жатқызуға жолдама; пациенттің жеке басын куәландыратын құжат; барлық талдаулардың нәтижелері бар амбулаториялық картадан үзінді көшірме, талдау нәтижелерінің әрекет ету мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы (қанның жалпы талдауы, зәрдің жалпы талдауы, биохимиялық талдау, бактериялық егу), емдеуге жатқызудың белгілі бір күніне жақын қайталануы қажет.

Емдеуге жатқызу үшін қажетті тексерудің толық тізбесі болмаған жағдайда стационар пациентке жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер бойынша жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күні келу мүмкін болмаған жағдайда, науқас емхананың емдеуші дәрігеріне және стационарға хабарлайды және емдеуге жатқызуды бір тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады. Пациент стационарға келмеген жағдайда, БГ порталының күту парағынан жолдама алынады.  Жоспарланған ауруханаға жатқызу мәселелері бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары аумақтық клиникаға жүгіне алады.

 

Үйде жоспарлы емделу кезегін қалай бақылауға болады?

 

Жоспарлы емдеуге жолдама алған кезде пациент өз кезегінде ЖСН нөмірі немесе «жолдаманың бірегей коды» (стационарға жіберу кезінде емхана дәрігерімен беріледі) бойынша үйден шықпай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызуды қадағалай алады.

Ол үшін www.bg.eisz.kz сайтқа жіне»мейман» ретінде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына кіру керек. Содан кейін «аймақтық және республикалық клиникалар бойынша күту парағы» парақшасына кіру қажет. Барлық қажетті кестелерді толтыру және «Емдеуге жатқызу бюросы»порталының күту парағындағы жолдаманы іздеуге арналған белгіні басу керек.

Сондай-ақ «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында жоспарлы емді күтуге ыңғайлы болу үшін «СМС-хабарлама» функциясы бар, ол емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін анықтау туралы; емдеуге жатқызу күнін 10 күн бұрын, 1 күн бұрын жақындату туралы; емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін өзгерту туралы; күту парағынан жолдаманы алып тастау туралы хабардар етеді. Көрсетілген функцияны қосу үшін порталда www.egov.kz «Жеке кабинет» жасау қажет, жеке кабинет құру қиын болған жағдайда 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, жағдайды түсіндіру қажет. Жеке кабинет құрылғаннан кейін онда СМС-хабарлама қосылады.

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Кисикова Сауле Дюсебековна
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы