Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Балалардағы сальмонеллез

Балалар жасындағы инфекциялық аурулардың ішіндегі жедел респираторлы вирусты аурулардан кейінгі, ең кең таралғаны бұл жедел ішек инфекциясы. Жедел ішек инфекциясын шақыратын қоздырғыштар спектрі жаңа бактериялар және вирустар есебінен өсуде , алайда Сальмонелла атауымен біріктірілген,ауру шақыратын микроорганизмдер тобы, соңғы 20 жыл ішінде бүкіл әлемде және біздің елде алдыңғы орында тұр. Сальмонеллалар жануарларда, құстарда және балықтарда асқазан-ішек ауруларын шақырады. Адамдар, соның ішінде ерте жастағы балалар, нәрестелермен қоса, сальмонеллезге бейім. Жиі сальмонеллалар эпидемиялық ошақтардың пайда болу себебі (отбасыда, жабық коллективте), уақытынан кеш және дұрыс емес емдеу кезінде өлім себебі болады.

Сальмонеллез жұғу көзі жануарлар, жиі үй жануарлары(ірі қара мал, шошқалар, мысықтар, иттер), құстар, адамдар, сальмонеллезбен сырқаттанғандар немесе  сау бактериотасымалдаушылар.

Сальмонеллез жұғу жолдары

Тағаммен –  түрлі ас өнімдері , жиі  жануарлар мен құстар еті. Жұмыртқалар. Ас өнімдеріне жеткіліксіз кулинарлық өңдеуде (шикі бифштекстер, жұмыртқалар шикі,), дұрыс сақтамауда және жеке бас гигиенасын сақтамағанда микробатар түседі.

Ластанған сумен- оны ішкенде және суға түскенде

Емізулі шақтағы балаларда сальмонеллез жұғу жолы тұрмыстық -қатынас арқылы соскалар, ойыншықтар, күтім заттары, ересек күтушілердің кір қолымен.

Сальмонеллезде инкубациялық кезең бірнеше сағатардан(тағаммен жұғуда) бірнеше тәулікке созылады(тұрмыстық қатынаста жұғу жолымен), орташа  3-4 күнге. Микробтардың саны және токсині көп мөлшерде организмге түскен сайын,инкубациялық кезең соғұрлым қысқа және ауру ағымы ауыр өтеді.

Сальмонеллездің клиникалық ағымы. Дерт  ауырлығы бала жасынан, оның организмінің қорғаушы күштерімен, сальмонелла түрінен, жұғу жолымен, оргназимге тұскен микроб және оның токсиндері мөлшеріне байланысты болады. Бірінші табиғы қорғаныш тосқауылдан өткенде асқазан сөлінің тұз қышқылынан. микроб түскен орны ең жиі асқазан ішек трактысы зақымдалады.

Емізулі жастағы балаларда ауру кезекпен дамиды:әлсіздік, асқа тәбеті төмендейді, дене қызуы жоғарылайды, құсу, сұйық нәжіс пайда болады ең алдымен қалыпты түсте, орташа жиілікпен 5-6 рет. Кейінгі күндерде жағдайы нашарлай түседі, дене қызуы жағдайы нашарлай түседі, дене қызуы 380  және жоғары көтеріледі, сұйық нәжіс жиілейді (10 реттен аса және оданда жиі), су тәрізді , кейін жасыл түске енеді.  Аурудың 5-7 күнінде нәжісте шырыш пайда болады, кейде қан жағындысы. Емдеу болмаса, организм су және калий, натрий тұздарын құсық пен сұйық нәжіспен жоғалту есебінен, сусыздану пайда болады, ауыз қуысы шырышты қабаттары мен тілдің құрғаумен, үлкен еңбек түсуімен, шөлдеумен, зәр шығару азаюымен. Ары қарай сусыздану өскен сайын, су минерал алмасу бұзылысы қайтымсыз болуы мүмкін.

Нәрестелерде жалпы симптомдар асқазан ішек трактысы  симптомдарынан басым келеді.

Жиі дене қызуы қалыпты санда болады. Балалар астан бас тартады, салмақ қоспайды, мазасыз болады, құсады, терісі бозғылт, аяқ –қолдары суық , іштері кебеді.

Иммунитеті әлсіреген балаларда(шала туылғандар, жасанды тамақтандырудағы, туа біткен патологиясы бар балаларда, жиі ауыратындарда)сальмонеллез генерализацияланған инфекция түрінде(сепсис типі бойынша) жүріп, ішкі органдарды (бауыр, бүйректер, өкпе, ми қабаттары)зақымдаумен көрінеді. Дерт  өте ауыр өтеді, ұзақ уақыт жоғары сандағы дене қызуы болуымен, бауыр мен көкбауыр ұлғаюымен жүреді.

Үлкен жастағы балаларда(мектеп, және мектепке дейінгі жастағы) ауру кенеттен басталады- дене қызуы 38*С жоғарылайды, бас ауруы пайда болады, бас айналуы пайда болады, құсу көп мөлшерде қайталанбалы түрде, әлсіздік, асқа тәбеті төмендейді. Осы симптомдарға сұйық нәжіс және іш ауырсынуы тез қосылады. Нәжіс сұйылады, су тәрізді, жасыл қара түсте(батпақ балдыры түстес). Ерте басталған  ем кезінде, асқазан және жіңішке ішек (гастроэнтерит) зақымдалуымен шектеледі, ал ем болмаған кезде, инфекциялық процесс тоқ ішекке қарай(колит) тарайды- нәжісте шырыш пен қан пайда болады, іш ауырсынуы күшейеді және ұстама тәрізді болады(дизентерияны еске түсіреді). Сусызданудан басқа, ауыр ағым кезінде жеде бүйрек жеткіліксіздігі мен инфекционды-токсикалық шок дамиды. Сальмонеллезбен ауырған науқастардың емін стационарда жүргізен дұрыс, әрсіресе емізулі жастағы балалар мен орташа ауырлықты және ауыр дәрежедегі науқастардың емін.

-асқазан шаю (аспен жұғу жолына күдік  болғанда-көп мөлшердегі құсу, бір  тағам өнімін  пайдалану нәтижесінде бірнеше отбас мүшелері ауырғанда)

-балаға су беру-сусызданудың алдын алу және емдеу үшін(Регидрон бөліп-бөліп 1шай қасықтан, немесе десерт не ас қасықпен 5минут сайын). Регидрон жоқ болған жағдайда өз қолымен дайындауға болады(1литр суға -1ас қасық қант пен 1 шай қасық тұз салып). Ауыз арқылы су беру(оральды регидратация) сусыздануды емдеудегі ен негізгі әдіс болып табылады  және стационарда бұл әдіс көктамыр ішілік сұйықтықтар құюдан бас тартуға мүмкіндік береді.

-сорбенттер – бұл табиғи немесе синтетикалық заттар, ұсақ бөлшектерден құралып, микроб, вирустар,токсиндер, және олардың тіршілік өнімдерін, және де аллергендер мен ыдырамаған көмірсуларды абсорбциялап және ішектен шығара алатын қасиеттері бар заттар.

-антибиотиктер – ауыр және жайылған түрдегі ауруларда және қауіп тобы жоғары балаларда қолдануға көрсетілген. Сальмонеллалардың сезімталдығын ескеріп және ауыр ағымын ескере отырып стационарда тағайындалады. мектеп жасындағы балаларда ауыр емес сальмонеллезде сорбенттер және спецификалық бактериофагтар қолдана отырып емдеу жеткілікті болады.

Диета. Бір жасқа дейінгі балаларда ең тиімдісі- бұл ана сүті болып есептеледі, ана сүті құнарлы ас қана емес, белок, майлар, дәрумендер және микроэлементтер  құрамы бойынша таптырмайтын тағам, және де, бір қатар биологиялық белсенді заттары болады.

Жасанды тамақтандырудағы балаларға , әдеттегі қоспаларды (4айдан соң) суға пісірілген немесе  жартылай сүтке пісірілген , 5-10% күріш немесе қарақұмық ботқасымен, көкөніс езбелерімен бірге береді және кейін қоректену ассортиментін кеңейту қажет. Бір жастан асқан балаларға ауруының алғашқы күндері жеңіл сіңетін ,езілген ас керек(қайнатылған күріш, сорпалар, көкөніс езбелері) майды шектеп, буға пісірілген ет пен балық қосуға болады(үшінші-төртінші күннен бастап). 2-3 аптаға рационнан шіріду және ішек перистальтикасын күшейтетін ас өнімдерін  алып тастау қажет болады(сүт, қара нан, шикі көкөністер, қышқыл жемістер мен жидектер, тәттілер, тұздалған астар)

 

Сальмонеллездің алдын алуға бала организмі қорғаныш күштерін нығайтып күшейтуге бағытталған барлық шаралар көмектеседі, ең алдымен салауатты өмір салты. Егер бір отбасы мүшесі сальмонеллезбен ауырса, ол науқасты оқшаулаған соң, деинфекция жасап және барлық отбасы мүшелерін  тексеру қажет(нәжісті бактериологиялық тексеру), және оларға алдын алу мақсатында  сальмонеллезді бактериофаг тағайындау керек(1-2 таблеткадан күніне 3-4 рет, жасына байланысты, 5-6 күн көлемінде).

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы №3- ші Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының 

инфекционист дәрігері       Байгонова А.А.