Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Бас хатшы Чжао Хоулиньге денсаулық сақтау саласында цифрландыру бойынша жасалған жұмыстар мен жетістіктер таныстырылды

17 қыркүйекте Халықаралық электробайланыс одағының Бас хатшысы Чжао Хоулинь Қазақстанға жұмыс сапары барысында, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Абишевпен бірге Нұр-Сұлтан халасының емханаларының бірінде цифрландыру жұмыстарын бағалады.
Бас хатшы Чжао Хоулиньге денсаулық сақтау саласында цифрландыру бойынша жасалған жұмыстар мен жетістіктер таныстырылды. Атап айтқанда, электрондық денсаулық паспорты, дәрігер мен емделушінің жеке кабинеті және ақпарат тақтасы.
Чжао Хоулиньге медициналық ақпараттық жүйе үлкен әсер қалдырды. Оның айтуы бойынша, Женеваның емханаларында осындай медициналық ақпараттық жүйе кездестірмеген.
«Қазақстан денсаулық сақтау саласын цифрландыру өте жақсы дамыған. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәжірибесін өзге елдерге тарату керек», – деп Чжао Хоулинь мырза өз ойын білдірді.
Сондай-ақ, болашақта Қазақстанның шалғайдағы ауылдық елді мекендерге арналған телемедицинасын өзгертетін 5G жүйесін енгізу тақырыбына тоқталып кетті.
Дерек көзі: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасы Министерство здравоохранения Республики Казахстан.