Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Білу маңызды!

Сүт безінің қатерлі ісігі – әйелдердегі қатерлі ісіктердің ең кең таралған түрлерінің бірі. Соңғы екі он жылдық ішінде осы науқастың тұрақты өсу және «жасару» беталысы байқалады.

Қатерлі ісіктерді ерте айқындаудың маңыздылығын асыра бағалау қиын.   Сүт  безінің қатерлі ісіктері жайында әйелдерге жылсайынғы профилактикалық скринингті жүргізу қатерлі ісіктерді ерте айқындауға мүмкіндік беретіні баршаға мәлім. Және  әйелдердің бірі қалмай барлығы осы науқас туралы бүлуі маңызды.

Сүт безінің қатерлі ісігінің даму қатерінің факторлары  шартты түрде келесі топтарға бөлінеді:

  1. бала тууына байланысты: аборттар, емізу болмауы және/немесе өте қысқа мерзімі, бірінші еттекірдің ерте келуі, кеш тұңғыш босану, кейбір гинекологиялық аурулар (миомалар, эндометриоз, және т.б.);
  2. генетикалық бейімділікке байланысты: жақын туыстарындағы қатерлі ісіктер (әсіресе аналық жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері), гормондық бұзылыстар және/немесе горомондық препараттарды бақылаусыз қабылдау.

Бала көтеретін жастағы барлық әйелдерге ай сайын, етеккір циклінің 6-10 күні сүт бездерін өз бетімен тексеру   ұсынылады.        Өз бетімен тексерген кезде сақтықпен қарауды талап ететін белгілер: сүт безі контурының өзгеруі,  ісіну, қалыңдап қатайған тіндер емшектің ішке қарай тартылуы, емшектен шығатын бөліністер, кеуде терісіндегі «лимон қабығы», қолтық асты және бұғана асты лимфалық түйіндердің ұлғаюы.

Сүт безінің қатерлі ісіктерін диагностикалауда ең бастысы – уақтылылық.   Онколог-дәрігерлер жыл сайынғы скринингтік тексерулерге  жауаптылықпен қарауды қадала ұсынады: ұақтылы басталған  және сайма-сай емдеу— сауығудың кепілі.

Аман-сау болыңыздар!

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы