Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Бір ауысымда 500-ден 700-ге дейін көлік өткіздік – медбике блок-бекеттегі жұмыс жайлы

№4 қалалық емхананың медициналық қызметкерлері 29 наурыз бен 31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Талапкер елдімекенінде орналасқан блок-бекетте екі ауысымда жұмыс істеді. Бірінші ауысым 10:00-22:00 аралығында жұмыс істесе, екінші ауысымға 22:00-08:00 уақыты жүктелді.

«Жұмыс өте ауыр болды. Медициналық қызметкерлер әр ауысымда 500-ден 700-ге дейін көлік өткізді. Олар термометриямен, анкета толтырумен айналысты. Ал шетелден келгендерге ПТР талдау жүргізді. Олардың басым бөлігі студенттер болатын. Көктем мезгілінде, ауа райы құбылмалы шақта күн-түн демей жұмыс істедік. Ал бөлме ішінде үнемі жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтын. Осындай қиын кезеңде үш мезгіл уақытылы ас-суымызды жеткізген әкімдікке алғысымыз шексіз. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жеке қорғаныс құралдарымен, антисептиктермен үнемі қамтамасыз етіп отырды. Ол жағынан еш қиындық туындаған жоқ», – деді елордалық №4 емхананың медбикесі Бақыт Қасенова.

Өкінштісі, күн жылынып, жаз мезгілі орнаған шақта блок-бекеттерде жұмыс істеген және COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастармен байланыста болған үш медбике коронавирус жұқтырып алды. Қазір олар емделіп шығып, емханада жұмыс істеп жүр.