Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Бүгін 2019 жылдың 4 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 9 қалалық емхананың қабырғасында созылмалы бүйрек ауруын

Бүгін 2019 жылдың 4 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 9 қалалық емхананың қабырғасында созылмалы бүйрек ауруын (СБА) анықтац мақсатында скрининг өткізілді.

Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) бүкіл дүниежүзіндегі қоғамдық денсаулық саласы сақтау үшін маңызды мәселені білдіреді, оның салдары бүйрек жеткіліксіздігі және науқастардың мезгілсіз өлімі болып табылады.

Іс-шараның мақсаты – созылмалы бүйрек ауруын ерте алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы бастапқы буын дәрігерлері мен халықтың хабардар болуын жоғарылату. Артериялық гипертензиямен және қант диабетімен ауыратын пациенттер арасында СБА-мен пациенттерді анықтау.

Іс-шараны өткізген емхананың басшылығы мен ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Созылмалы бүйрек ауруын алдын алуы скринингіне артериалдық гипертония мен қант диабетімен ауратын 221 адам қатысты. Науқастарға әдістемелік ұсыныстар беріліп жадынамалар таратылды.