Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Дене белсенділігінің профилактикасы 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адамның денсаулық жағдайы және өмір сүру ұзақтығы 50%  өмір салтына байланысты. Гиподинамия, немесе жүріс-тұрысы аз өмір салты  адам күніне 5 сағаттан астам отырған жағдайда және/немесе аптасына 10 сағаттан кем кимылдаған жағдайда дамиды.    Гиподинамия дене салмағының ұлғаюына, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының  ауруларына, иммунитеттің және ақыл-ой қабілетілігінің төмендеуіне, заттектер алмасуының бұзылуына және көптеген басқа да проблемаларға әкеп соғады.

Іс-қимыл тапшылығы денсаулықты бұзады, сондықтан белсенді бос уақыт және сауықтыратын дене жүктемелері арқылы дене белсенділігін арттыру маңызды.

Сіз үшін қолайлы дене белсенділігі типін қалай таңдауға болады?

Алдымен жүрек-қан тамыр жүйесінің жаттыққандық деңгейін анықтау қажет:

  1. Тамыр соғуын тыныштық күйінде өлшеңіз;
  2. 30 секунд ішінде 20 отырып тұру жаттығуын жасаңыз;
  3. 3 минуттан кейін тамыр соғуын қайта өлшеңіз және бірінші мен екінші нәтиже арасындағы айырманы есептеңіз.

Бағалау:

Жақсы жатыққандық –  5 соғуға дейін

Орташа жаттыққандық – 5-10 соғу

Төмен жаттыққандық –  10 соғудан көп.

Дәрігер немесе білікті нұсқаушы жаттыққандық деңгейіне сәйкес жеке жаттығу бағдарламасын әзірлейді.

Жүйелі түрде жаттығу аса маңызды: аптасына 3-4 рет, жүктемелердің қарқындылығы орташа немесе шағын, бірақ ұзақ болуы тиіс. Белсенді қозғалу қажет: мысалы аптасына  кемінде 10 сағат жүру.

Күн сайын гимнастика жасау қажет: таңертең және кешке, сондай-ақ жұмыс күні ішінде. Лифтті пайдаланбай, жаяу көтерілу пайдалы.

Дене  жүктемесінің  белгілі бір деңгейіне дағдыланған сайын және төзімділік артқан сайын, жаттығуларды күрделілендіруге болады.

Қалыпты дене белсенділігі қауіпті емес және дені сау адамдардың өмір сапасына оң әсер етеді, семірудің және онымен байланысты проблемалардың алдын алады.

Дені саудың – рухы сау!

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы