Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұмауға қарсы вакцина алды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының бүгінгі таңы маусымдық тұмауға қарсы емхана қабырғасында екпе салудан басталды.

Басқарма басшысы маусымдық аурулардың, әсіресе қазір пандемия кезінде тұмаудын алдын-алу үшін салынатын екпенің маңыздылығын атап өтті.

«Вакцинация аурудың ауыр сипаты мен оның кең таралуын ескере отырып, тұмаудан қорғаудың ең қисынды жолын ұсынады. Бүгінде коронавирус індетінің сипатында басқа да маусымдық аурулардың асқынуы әбден мүмкін. Сол себепті екпе салу өте маңызды! Барша қазақстандықтарды вакцина алу жне өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды шақырамын», – деді Тимур Мұратов.

Қоғамдық денсаулық сақтау елордалықтарды тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 110 мың доза вакцина сатып алды. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекен-жайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға; медициналық қызметкерлерге; жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі); жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат); мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балаларға және 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізіледі.

Бүгінде вакцинация басынан Нұр-Сұлтан қаласында 24,6 мың адам тұмауға қарсы вакцинациядан өтті. Оның ішінде 6300 шамамен балалар, жабық типтегі мекемелердегі балалар (балалар үйлері, үй / үйлер, интернаттар, балаларға / мүгедектерге арналған мектеп-интернаттар) – 211, екпе салғандар ересектер саны – 14 мыңнан астам.

Екпе салу науқаны қарашаның басына дейін жалғасады.