Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізу үшін бастамаларды қабылдау туралы хабарландыру

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізу үшін бастамаларды қабылдау туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2021-2030 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізу үшін бастамаларды қабылдау рәсімін жариялайды.

Аталмыш жоба денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ – 133/2020, «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 627 бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Жоспарға енгізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атына нысан бойынша құжаттарды (кестені) қоса бере отырып өтініш жолдау қажет.

Өтініш пен кестенің үлгісін сілтеме бойынша жүктеп алуға болады https://clck.ru/ScBbQ

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 25 желтоқсаннан 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 55 68 42, +7 705 800 13 41 Құлшариев Ерлан Мырзабайұлы, 55 74 84, +7 705 197 4952 Панченко Денис Валерьевич.