
Адамның денсаулығы үшін зиянды кәсіптер туралы айтқанда, ең алдымен экстремалды спорт түрлері не әскери іс ойға келеді. Алайда, егер жұмыс орнында қарапайым жүріс-тұрыс қағидаларын сақтамаса, кеңседегі жұмыс та денсаулыққа едәуір зиян келтіруі мүмкін. Біз «отырып» жұмыс істеудің жағымсыз салдарларына жол бермеуге және оларды азайтуға көмектесетін топ- 10 ұсынысты жинадық.
- Гигиена — негіздердің негізі. Тамақ алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыс алдында және жұмыстан шыққаннан кейін қол жуу — адамдар көп жиналатын жайларда мол болатын жұқпалы аурулардың алдын алу кепілі;
- Микроклимат. Таныстарыңыздың қаншасы кабинетті аяусыз ауа баптағышпен «үрлетті»? Жұмыс орнында өткізетін уақытты ескере отырып, үй-жайдағы микроклимат даладағы ауа райына қарағанда неғұрлым маңызды. Ауаның оңтайлы температурасы мен ылғалдылығын сақтау қажет. Кабинетті қайта-қайта желдету, ылғалды тазарту. Периодически проветривать кабинет, проводить влажную уборку. Демекші, азынақ — кеңсе қызметкері үшін жау, одан сақтаныңыз;
- Техникамен байланысты ретке келтіру: монитор мен көзге дейінгі қашықтық — кемінде 45 см., көздің төмен қарай еңкею бұрышы 35 градустан көп емес, сандар еденге параллельді, ал жіліншіктер перпендикуляр; қолдар үстелде еркін 80-100 градуспен орналасуы тиіс, Арқа тік, устелдің арқасына жанасады, иықтар босатылған. Қолдар пернетақта үстінде еркін орналасқан. Тағы да бір кеңес: он саусақты оқыр теру әдісін игеріңіз, бұл сіздің өміріңізді едәуір жеңілдетеді;
- Тынығуға үзілістер және дене белсенділігі. Әр жарты сағат сайын бес минуттық тайм-аут жасап, пайдалы әрі жанға жағымды іспен айналысу қажет. Мысалы, дене шынықтыру. Дененің құрысын жазу қан айналымын жақсартады және қуат береді. Бұған қоса, лифт дегенді ұмытыңыздар, сатымен жүріңіздер. Иә-иә, пайдалы мен жанға жағымды;
- Білезік арнасының синдромы қолдарды пернетақтада және компьютердің тінтуірінде дұрыс орналастырмаған кезде дамиды: бәлкім сізге ұймдастыру техниканы ауыстыру қажет болады, бұл әлеуетті емдеуден арзандай болады;
- Көру қабілетінің бұзылуы: көзге түсетін жүктеме орасан зор, сондықтан мамандар жұмыс күні бойы 5-7 рет 5-7 минуттық көзге арналған қарапайм жаттығуларды жасауды ұсынады;
- Арқаның ауруы — дұрыс отыру және мерзімді дене шынықтыру үзілістері арқылы алдын алуға болады. Егер арқаңыз қатты ауырса – маманға жүгініңіз, бұны өз бетімен жіберуге болмайды;
- Кеңсе қызметкерлерінің жұмысында күйзелістердің және созылмалы қажу синдромының алдын алу аса маңызды;
- Уақытты, қаражатты үнемдеу және басшылықтың көңілін табу мақсатында тұрып жүріп ауруға болмайды! Сеніңіз, сіздің денсаулығыңыз амандығыңыз одан анағұрлым қымбат;
- СӨС. Ежелгі-мейірімді салауатты өмір салты: тиімді тамақтану, адекватты су ішу режимі, дене белсенділігі және зиянды дадылардан бас тарту сіздің кеңселік өміріңізді айтарлықтай жайлы және жанға жағымды.
Аман-сау болыңыздар!
Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы