Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елордада екпе салу бойынша пациенттің бағыт-бағдары әзірленді

Белгілі болғандай, 1 кезеңде вакцинацияға жататын контингенттің тізімдері дайындалды (ауруханалардың медициналық қызметкерлері, АМСК және жедел жәрдем қызметкерлері). Бұл 6300 адам, олардың арасында екпе салуға жатпайтын тұлғалар да адамдар болуы мүмкін (жүкті әйелдер және т.б.). Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

150 медициналық қызметкерді COVID-19 қарсы вакцинацияға дайындық және жүргізу жұмыстары бойынша оқытылды.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейінде КВИ-ға қарсы вакцина алу үшін пациенттің бағыт-бағдары:

1. Емхананың кіреберісінде егу кабинетінде көрсетілген бағдарлар орнатылған.
2. Тіркеу бөлмесіндегі тұлғаның пациентті вакцина алу үшін дәрігерге жазуы, КВИ-ға қарсы вакцинаны алу үшін іс-әрекет алгоритмін түсіндіру.
3. Дәрігердің қабылдауы. Дәрігер шағымдар мен анамнез жинауды, тексеруді (дене температурасын, сатурацияны, жүрек соғу жиілігін, қан қысымын өлшеу, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру арқылы) жүргізеді. Егер температура 37°С-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады), сауалнаманы толтыру, ақпараттық жүйеге деректерді енгізу және вакцинацияға жолдама беру, вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы жадынама беру және әңгіме жүргізу, ерікті түрде келісім алу. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда пациентке салынуға болмайтыны ресімделеді;
4. Орта медициналық қызметкер пациентті кезекпен емшара бөлмесіне шақырады;
5. Ақпараттық жүйе арқылы емшара бөлмесінің медбикесі екпе алуға жолдама іздеп, содан кейін вакцинация жасайды (егер денсаулық жағдайы нашарласа, шұғыл медициналық көмек көрсетіп, дәрігерді шақырады және қажет болған жағдайда жедел жәрдемді шақырады);
6. Вакцинациядан кейін пациентке «КВИ-ғе қарсы вакцинация жасалды. Медициналық бақылау уақыты 30 минут!» деген бейдж таратылатыны, медициналық қызметкердің бақылауымен емхананың күту залында 30 минут міндетті түрде болу туралы хабарланады;
7. Науқас күту залына жіберіледі, 30 минут күту залында күтеді;
8. 30 минуттан кейін медициналық маман пациенттің денсаулық жағдайын бағалайды, бейджді қайта алып, оны үйіне жібереді,
9. Медицина қызметкері емшара бөлмесінің мейірбикесіне пациенттің денсаулық жағдайын ақпараттық жүйеге енгізу үшін бейджді тапсырады;
10. Учаскелік дәрігер 3 күн ішінде науқасқа қашықтықтан бақылау жүргізеді (телефон қоңыраулары, бейне қоңыраулар);
11. Медбике алдын ала жазылуды жүзеге асырады және пациентті вакцинаның екінші дозасын алу үшін 21-ші күнінде шақырады;
12. 21 күні пациент вакцинаның 2-ші дозасын алуы қажет.