Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елордада психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды

Қала бойынша бұндай бастапқы орталықтар 7 мыңнан астам тұрғындарға мамандырылған көмек көрсетті.

Бүгін Қалалық №8 емхана базасында психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық келушілерге өз есіктерін ашты.

АМСК ұйымдарында осындай ортылықтарды ашу мамандырылған көмек көрсетудің қолжетімділігі және оған мұжтаж болған адамдарға жақын болу үшін ойластырылған. Былай айтқанда, консультативті көмекке жүгіну үшін қала тұрғындарына Қалалық бас психиатрия денсаулық орталығына бару міндетті емес, енді осының бәрі тұрғылықты мекен-жайы бойынша жақын жерде орналасқан.

Нұр-Сұлтан қаласының Медициналық психиатрия денсаулық орталығының директорының айтуынша, бүгінде қиын қыстау заманда, пандемия кезінде, өзінің психикалық денсаулықты күту және оған көңіл бөлу өте маңызды.

«Бұкіл әлемде 10 қазанда психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Аамның психикалық денсаулығы дегеніміз адам өзінің әлеуетін іске асыра алатын, стрессті жеңе алатын әл-ауқат жағдайын білдіреді. Пандемия кезінде көптеген адамдар қарапайым өмірлік қиындықтарға тап болды, қиындықтардан шығудың жолын таба алмады. Осындай сәттерде қызмет етіп жүрген бастапқы орталықтардың көмегі әлдеқайда орынды», – деді Комарова О.

Комарованың айтуынша, ұзақ уақыт бойы созылмалы аурулардың өршуімен ауыратын науқастарда гипохондриялық бұзылыстар байқалуы мүмкін Оларды қоршаған стреске деген жедел реакциясы күшейеді. Мұндай сәттерде әр тұрғын осындай орталықтарға хабарласып, мамандардан кеңес ала алады.

Бүгінде осындай орталықтар Қалалық №2, №6, №9, №10 емханаларда тұрғындарға өз қызметтерін ұсынуда. Мамандандырылған көмекті көпсалалы бригада, психиатр, психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында ересек тұрғындар арасындағы ауыр психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына шалдыққандардың саны 2019 жылғы 306-дан 2020 жылдың 9 айына сәйкес 192 жағдайға дейін төмендеді.