Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елордада ПТР тестілеуден ақылы қайдан өтуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, коронавирустық инфекцияны анықтау үшін ПТР-тестілеу әдісімен ақылы түрде талдау жүргізетін жеке медициналық ұйымдар тізімін ұсынады.

ПТР тестілеу құны 8 000 тг. бастап Ұлттық экспертиза орталығында, «Мейірім» ЖШС, “BIO Lab” ЖШС жүргізіледі. Қуаттылығы тәулігіне 800-1000 талдау.

Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, “INVIVO” ЖШС, «ОЛИМП» КДЗ, Көпбейінді қалалық №2 аурухана, Көпбейінді қалалық №2 балалар ауруханасы, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы аталмыш тестілеуден өтуге болады.

Коронавирусты инфекцияның бар жоғын білу үшін «Геном плюс» ЖШС, Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, UMC КҚ Республикалық диагностиклық орталығында тестілеу жүргізіледі.

Коронавиурстық инфекцияңа ПТР тестілеуден өтем деушілерге бұл қызмет ақылы. Жүкті әйелдерге, КВИ ауырғандармен байланыста болғандарға немесе көрсеткіштері болған жағдайда бұл медициналық қызмет қала емханаларында тегін көрсетіледі.

Елордада КВИ-де биоматериалдарды жинауға арналған 15 зертхана қызмет жасап жатыр. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам сынақты құрайды. Қазіргі уақытта 550 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, қалдықта 112 мыңға жуық сынақ бар.