Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елордалық ауруханада күйікке қарсы жаңа аппарат орнатылды

Жаңа күйікке қарсы кешен кең көлемді күйік алған пациенттердің өлім-жітімі мен мүгедектік пайызын едәуір төмендетуге көмектеседі. Аппарат емделген науқастардың өмір сапасын жоғарылатуда өз септігін тигізеді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Көпбейінді қалалық ауруханасында күйікке қарсы жаңа кешеннің жұмысымен таныстыру шарасы өтті.  Күйік жарақатымен науқастарды емдеу үшін жалғыз мамандандырылған бөлімше осы қалалық ауруханасында ғана бар.  Жаңа қаппараттың демеушісі «EurasianResourcesGroup» компаниясы.

№1 көпбейінді қалалық аурухана директоры Марат Абдуов көрсетілген демеушілік көмек үшін алғысын айтып, бұндай кешеннің пациенттер үшін тигізер көмегін атап өтті:

  • «Біздің ауруханаға еліміздің барлық өңірлерінен пациенттер келеді. Мұнда дәрігерлер көлемді күйік жарақаттарымен, дене бетінің 50% артық зақымдануымен шұғыл жеткізілген науқастардың өмірін сақтап қалуда жан-таласып қызмпет істейді. Бір жыл ішінде бөлімшеде 50-ден астам науқас ем алып шығады. Оларды жоғары білікті мамандар емдейді. Жаңа жабдық дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді және науқастардың тез қалпына келуіне көмектеседі деп сенеміз», – дейді аурухана директоры.

 

Күйікке қарсы кешенге ауа-сұйықтандыру төсегі, ультрадыбыстық диссектор және аргонокүшейтілген коагулятор кіреді. Күйікке қарсы кереует кешеннің маңызды құраушыларының бірі. Оның жұмысы көтеріп келе жатқан ауа ағынының әсерінен жалған сұйықтыққа, сұйықтандыру күйіне айналатын сусымалы материалдың (шыны кішкене шарлары) қасиетіне негізделген. Бұл зардап шеккен аймақтардың жұмсақ тіндерінің қысылуын азайтады, ауырсынуды азайтады және көлемді күйіктері бар пациенттерде жазылу процесін жылдамдатады. Кереует айналасындағы кеңістік залалсыздандырылып, арнайы ауа ағынымен кептіріледі. Кереует электрлік көтергішпен жабдықталған, ол дәрігерлерге пациентті қоларбадан кереуетке және қайта көтеру кезінде пациенттің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.

«Дәрігерлер бізге көмекке жүгінген кезде, Еуразиялық топ әлеуметтік жауапты компания ретінде шетте қалмай алмады, мәселені шешуге бірден кірістік», – дейді «Еуразиялық Топ» ЖШС өкілі  Данияр Равшанович Рахматуллаев.