Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Елорда мектеп оқушылары Covid-19 індетін алдын-алу шараларын үйреніп жүр

Елордалық мектептерде мейірбикелер бастауыш сынып оқушыларын КВИ-дан сақтану жолдарын үйретуде ойын түрін қолданып келеді. Мектеп медицинасы жөнінде координатор Виктория Виниченконың айтуынша, бұндай шаралар балалардың жағымды эмоциялар алу, сабақ алдында көңіл-күйдің көтеріңкі болуына, санитарлық шараларды сақтау және игеруге өз септігін тигізеді.

«Біз жаттығу сабақтарын ойын түрде өткізуге шештік. Мейірбикелер оқушыларды мектеп кіреберістің алдында қарсы алады. Балаларға қолайлы жағдай жасау үшін мектептер ауласы түрлі-түсті безендірілген. Кіреберіс алдында ара қашықтықты сақтау белгілері орнатылды. Осылайша балаларға әлеуметтік ара қашықтықты қалай сақтау керек екендігін көрсетеміз. Мұның бәрі балалар санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы үшін жасалады», – дейде Виктория Виниченко.

Сыныпқа кірмес бұрын оқушылар дезинфекциялық құралдармен қолдарын өңдейді. Антисептиктер еденнен 50 см деңгейде орнатылған. Сыныпта балалар үшін мейірбике қолды дұрыс жуу, масканы кию және шешу техникасын көрсетеді. Оқу жылынан бастап 28,5 мың астам бастауыш сынып оқушылары вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау бойынша оқу жаттығуларынан өтті.

Оқу жылына дейін Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жанындағы білім беру объектілеріне жаңа оқу жылына дайындық жағдайына, яғни мектеп оқушыларына жаңа форматта сабақ оқудың толық аудитін жүргізді. Медициналық пунктің алдында дезинфекциялық кілемше төселді. Сондай-ақ, карантиндік шаралардың сақталуы туралы ақпарат материалдары: жүріс-тұрыс ережелері, бетперде кию және қол жуу ережелері орналастырылған.