Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарымен кездесу өткізілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 қарашасында «Жанұя» отбасылық қолдау орталығының базасында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарымен бастамашыл кездесуді өткізді.

Кездесуге сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарының басшылары мен Ұлттық сараптама орталығының өкілдері қатысты.

Кездесуде ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды, МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алу перспективалары қаралды.

Кездесу нәтижесі бойынша қаланың әр емханасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балаларға оңалту қызметін дамыту жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Ата-аналармен өзара іс-қимыл және барлық проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әр емхана бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды мамандандырылған дәрігерлердің қабылдау және функционалдық диагностика кабинеттерінің жұмыс кестесін әзірледі.

 

Свод графиков приема