Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Еркін тыныс ал!» Дүниежүзілік ӨСОА қарсы күрес  күні   

«Еркін тыныс ал!» Дүниежүзілік ӨСОА қарсы күрес  күні

Өкпенің созылмалы обструктивті  ауруы   (ӨСОА) – тыныс алу жүйесінің созылмалы қабынба ауруы, сырқаттың күшеюімен және тыныс жеткіліксіздігі дамып, өкпе функциясының біртіндеп төмендеуімен сипатталады.

ДССҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, ғаламшарда 210 млн. жуық адам өкпенің созылмалы обструктивті  ауруынан зардап шегеді. ӨСОА артериялық гипертониямен,  жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен бірге  жетекші созылмалы аурулар тобына кіреді. Өлім себепері арасында ӨСОА төртінші орынды алады, ал 2002 ж. қарай бұл сырқат  үшінші орынға ауысады деп болжанады.

Симптомдары:

  • Шырышты/іріңді қақырықпен жөтел, жиі таңертеңгі мезгілде;
  • Денеге ауырлық түскен кезде демігу (сырқат басталған кезде), сырқат күшейе беруімен – тыныштық қалпында да демігу;
  • Оттектің жетіспеуі симптомдары – мұрын-ерін үшбұрышының және еріннің, қол саусақтарының және аяқ-қол тырнақтарының көгілдір реңкі, тырнақтардың қалыңдауы және томпайған түрі («сағат шынысы» симптомы), сондай-ақ саусақтардың шеткі бөліктерінің қалыңдауы    ( «барабан таяқшалары» симптом);

Өкінішке орай, ӨСОА емделмейді, тек қарапайым ұсыныстарды ұстанып, сырқаттың күшейуін тоқтатуға болады:

  1. Темекі шегуді қою!

ӨСОА дамуы қатерін өз бетімен бағалау үшін, темекі шегушілерге аттас индексті келесі түрде есептеу ұсынылады:  бір күнде шегетін  шылымдар темекі шеккен жылдар санына көбейтіңіз, алынған көбейтіндіні 20-ға бөлу қажет. Темекі шегуші 10 тең және одан жоғары индексті алса,   ӨСОА даму қатері өте жоғары.

  1. Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алу. Әсіресе пассивті темекі шегуге және басқа да араңдатушы факторларға (поллютанттарды және түтінді ішіне тарту) ұшырайтын жиі ауыратын балалар мен жеткіншектерде өзекті;
  2. Өкпені тітіркендіретін химиялық заттарға (түтін, пайдаланылған газдар, ластанған ауа) жақындамауға тырысыңыз;
  3. Үйде/пәтерде оңтайлы температураны сақтаңыз, оның үстіне үйді жүйелі түрде ылғалды тазалап, желдетіп отырыңыз;
  4. Жұмыс күні кезінде тынығу үшін үзіліс алу қажет;
  5. Тұрақты бірқалыпты дене белсенділігі де ӨСОА дауының және күшейуінің алдын алады;
  6. Тиімді тамақтану — осы сырқаттың алдын алудағы маңызды фактор.

Есте сақтаңыз! ӨСОА –  қарапайым ұсыныстарды сақтау жолымен оның алдын алуға немесе дамуын баяулатуға болатын сырқат.

 

Нұр-Сұлтан қаласының  Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы