Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Жастарға ұрпақ жаңғырту денсаулығы туралы: жеткіншектік жүктілік

Ұрпақ жаңғырту денсаулығы – бұл адамның жалпы денсаулығының бір бөлігі, ол, атап айтқанда, өзін-өзі жаңғырту саласындағы дене, рухани және әлеуметтік саулықты тұспалдайды. Статистика бойынша, жыл сайын әлемде 15 пен 19 жас  аралығындағы қыздардың 16 миллионға жуық босануы тіркеледі.

Жеткіншектік жүктілік анықтама бойынша 18 жасқа дейін  келеді және дене дамуына қатысты және психологиялық сипатағы көптеген проблемаларға әкеп соқтырады. Ерте жүктіліктің және жыныстық өмірді есте бастаудың алдын алуға көзқарас кешенді болуы, жеткіншектерді тәрбиелеудің барлық қырларын қамтуы тиіс.

Ерте жыныстық өмір мен ерте жүктіліктің қатерлері:

– үйлесімді психикалық-әлеуметтік  дамуының бұзылуы;

–  жыныстық жұқпаларды және АИТВ/ЖИТС жұқтырудың жоғары қатері;

– ұрпақ жаңғырту денсаулығының және жалпы денсаулық индексінің төмендеуі;

– кіші жамбас органдарының қабынып ауруы және бедеулік қатері;

–  жүктілік пен босанудың асқыну қатері;

– көтере алмау, әлсіреген және күні жетпей туылған балалардың дүниеге келу қатері;

– ана және бала өлімінің қатері.

Жеткіншектердің денсаулығын жақсарту үшін ДДСҰ нақты қадамдарды ұсынады, олардың кейбірін келтіреміз:

  1. қыздар мен ұлдарды жыныстық ағарту;
  2. ерте жүктілік қатеріне ұшырайтын жеткіншектер арасында қорғаныс құралдарын пайдалануды кеңейту: контрацепция мәселелері бойынша ағарту;
  3. жеткіншектер арасында қауіпті аборттардың санын қысқарту.

Жан-жақты жұмыспен проблеманы шешуде оң нәтижелерге жетуге болады. Ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғау хабарландырудан басталады: барлығы отбасынан басталады, балалар жыныс мәселелері туралы ақпаратты көшеден  алмауы тиіс. Отбасы, мектеп, медициналық ұйымдар, жастар денсаулық орталықтары – осында жеткіншектер ұрпақ жаңғырту бойынша оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алуы тиіс.

Жыныстық тәрбие контрацепция және аурулардан қорғау мәселелерімен шектелмейді, ол жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісінің бөлігі ретінде қызмет етеді, денсаулық проблемаларын ғана емес, ол моральдық, құқықтық, мәдени және этикалық аспектілерді де қамтиды.

Аман-сау болыңыздар!

Нұр-Сұлтан қаласының  Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы