Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Жедел медициналық көмек көрсету ережелері

жедел медициналық көмекті жаңғырту шеңберінде БМСК ұйымдарында 4 санаттағы шақыруларға қызмет көрсету үшін шұғыл медициналық көмек бөлімшесі ұйымдастырылды,  есепті кезеңде 500 мыңнан астам шақыруларға қызмет көрсетілді.ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 450 бұйрығына сәйкес жедел медициналық жәрдем машиналарына ребрендинг жүргізілді.

Нұр-сұлтан қаласы бойынша жедел медициналық жәрдем көрсету 80 шығу бригадалармен жүзеге асырылады, оның ішінде “сын” (пик)  сағатында қала тұрғындарына  қызмет көрсететін 12 сын сағат бригадалары сағат 18:00-24:00-ден бастап қызмет көрсетеді.

Жедел медициналық жәрдемді шақыру 2017 жылдан бастап 4 жеделділік санатқа бөлінеді, ауру симптомдарына байланысты фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың пациенттің тұрған мекенжайына  дейін келу уақыты ЖМЖС  диспетчерінен шақыртылған сәттен бастап: 1-санаттағы  жеделдік–10 минутқа дейін; 2-санаттағы жеделділік -15 минутқа дейін; 3 санаттағы жеделділік-30 минутқа дейін; 4 санаттағы жеделділік-60 минутқа  дейін.

Пациенттерге шұғыл медициналық көмектен бөлек емханалардан үйге дәрігер немесе орта медицина қызметкерлер медицналық шақыру  қызметін орындайды.

Науқастың емханаға өз бетінше баруына мүмкіндік бермейтін, жіті ауыр науқастардың жағдайлары  кезінде үйге шақыруларға  қызмет көрсетуге арналған көрсеткіштер тізімі:

1) дене температурасының 38°С градустан жоғары көтерілуі; әл-ауқаттың күрт бұзылуымен қан қысымының жоғарылауы; көп мәрте сұйық нәжіс; шектеулі қозғалғыштығы бар төменгі омыртқаның және омыртқаның ауырсынуы; бас айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;

2) пациентке өз бетімен емханаға баруға мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, мүгедектік (I-II топ), салдар, аяқ-қол парездері);

3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;

4) пациенттің тасымалдамауға жарамдылығы;

5) БМСК (емхана) ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем  станциясынан жіберілген шақыруларға қызмет көрсету.

Соңғы уақытта жедел медициналық жәрдем шақыруларының өсуі байқалады, Сізден түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.