Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Жұмыс бабымен Мамандырылған балалар үйін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің вице нистрі Ажар Ғиният барып шықты

Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз. Сондықтанда болар «Бабаларымыз: Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, сонда ғана оның болашағы биік», – деген.

 

Ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – біздің ең басты міндеттеріміздің бірі.

 

12.12.2020 жылы Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не  ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиниятқызы және Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Досмырзаева Гульназ Толегенқызы  арнайы жұмыс сапарымен келді.

 

Директор Сәуле Кенжетайқызы ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиниятқызына балалар үйін таныстырып, экскурсия жүргізді. Ажар Ғинаятқызы балалардың денсаулығы мен тыныс-тіршілігіне қатысты, педагогикалық және емдік, сонымен қатар ерекше балаларды оңалту жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығына қатысты сұрақтарын қойып, бүлдіршіндердің өмір сүру жағдайымен танысты.

 

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) бірінші басшыларымен және өңірлердегі балалар үйлерінің директорларымен онлайн режимде жоспарланған жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: балалардың балалар үйінде болу жасын 6 жасқа дейін ұзарту; кадрлық қамтамасыз ету, мамандардың біліктілігін арттыру және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.