Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/18

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы

2019 жылғы 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту) өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына енгізлген өзгерістер мен толықтырулар жайында пікір алмасу өтті.

Денсаулық сақтау саласында фармацевтикалық қызметке және денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге етуге лицензия беру функцияларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне 2019 жылғы 31 мамырдан бастап берілетіндігі туралы ақпарат айтылды. Сондай-ақ, 2019 жылғы 9 маусымнан бастап «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» мемлекеттік қызметіне өтінімдерді қабылдау мен қорытынды беру тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүрзілетін болатындығы туралы айтылды, осылайша, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы байланыс толығымен мүмкін болмайды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты, оларды қызықтыратын сұрақтарды қойды.