Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту)

2019 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін талқылау сұрақтары бойынша заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту) өткізілді.

Іс-шара барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер талқыланды.

Кодекстің жаңа жобасы әлемдік тәжірибе негізінде, еліміздің ерекешілігін ескере отырып, ДДСҰ-ның ұсыныстарына сәйкес әзірленген.

Кодекстің негізгі жетілдірілген нормалары белгіленді, соның ішінде донорлық, кадрлық саясат, қоғамдық денсаулық, фармацевтикалық қызмет және цифрланған денсаулық сақтау нормаларына тоқталып өтті.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін талқылаудың соңында қорытынды жасалып, Басқарманың қызметкерлері ұсыныстар мен ойларын бөлісті.