
2020 жылғы 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағдайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту) өткізілді.
Іс-шара барысында жиналғандарға енгізілген өзгерістер арқылы құқық қолдану тәжірибесінде анықталған проблемалық сұрақтар мен олқылықтарды жойылғандығы түсіндірілді:
1) шетелдік алдыңғы қатарлы ЖОО-ның түлектерін, сондай-ақ халықаралық, трансұлттық және шетелдік компанияларда қызмет өтілі бар тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындау мүмкіншілігі қарастырылған;
2) мемлекеттік органның қызмет бейіні бойынша басқа білім беру орындарында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіншілігі қарастырылған;
3) орталық мемлекеттік орган үшін бірыңғай персоналды басқару қызметін, конкурстық және тәртіптік комиссия құру мүмкіншілігі бекітілді;
4) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік куәліктерін идентификациялық карталарға ауыстыру мүмкіншілігі қарастырылған;
5) мемлекеттік тапсырыс аясында білім алып жатырған мемлекеттік қызметшілер, оқуды бітірмеген жағдайда, бюджет қаражатын өтеу бойынша міндеттері қарастырылған;
6) мемлекеттік қызметке қайтадан кірген тұлғалар үшін, осыған дейін сынақ мерзімінің, жұмыстың нәтижесі, аттестацияның нәтижесі немесе жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, сынақ мерзімін алып тастау қарастырылған;
7) орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің бағынысты ведомстволар мен территориалды бөлімшелердің ішкі конкурстарына қатысуға құқығы бар;
8) мемлекеттік қызметшілердің этикасын нығайту мақсатында, ауысу рәсімі арқылы лауазымға орналасуға шектеу қойылды, сондай-ақ, ішкі конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшіде әдеп нормаларын бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жаза болған жағдайда да шектеу қойылды.
Жаппай оқыту барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.