Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағдайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме іс-шарасы (құқықтық жаппай оқыту)

2020 жылғы 3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ Заңы және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағдайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту) өткізілді.

Іс-шара барысында жиналғандарға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, хабарлама жүргізілетін мемлекеттік кіріс органына өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынылатындығы түсіндірілді:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Жұмыс беруші тиісті кезеңде жұмыскерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар ете отырып, оған қорға есептелген (ұстап қалынған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынуға мiндеттi.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілі кіруге тиіс.

Байқау кеңесі өз алдына басқа да қызметтеді атқарады:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді;

2) конкурс нәтижелері бойынша атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшы немесе алқалы атқарушы органның басшысы етіп тағайындауға кандидатураны тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсынады;

3) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшымен немесе алқалы атқарушы органның басшысымен еңбек шартын бұзу туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімін келіседі.

Жалпы оқыту барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.