Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту)

2019 жылғы 10 қаңтарда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарастыру бойынша заңдық сауаттылықты арттыру, әсіресе сыбайлас-жемқорлық бойынша құқықбұзушылық танылған жағайдағы жауапкершілік туралы түсіндірме шарасы (құқықтық жаппай оқыту) өткізілді.

Іс-шара барысында электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен өтініштерді қарау мерзімі және қорытындылары қарастырылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлерімен жеке тұлғалардың 670 өтінімі және заңды тұлғалардың 472 өтінімі қарастырылды.

Бұдан басқа, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңы және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімдері және толықтығына қатысты негізгі ережелері талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты, оларды қызықтыратын сұрақтарды қойды, оларға толық жауаптар алды.