Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Инвесторлар қала ауруханаларына коронавирусты емдеуге арналған медициналық жабдық сыйға берді

Шетелдік инвесторлар коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуді жеңілдету үшін Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына медициналық құрал-жабдықтар берді. Медицина қызметкерлері жабдықты пайдалану бойынша тиісті дайындықтан өтті. Сатып алынған медициналық құрылғыда қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтар, атап айтқанда, төсек мониторлары, инфузиялық сорғылар, қан анализаторы, электркедергілі томограф, сондай-ақ реанимацияға арналған функционалды жабдықтар кіреді. Бірлескен жоба аясында осы орталықтың медицина қызметкерлері үшін 10 мың жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Медициналық жабдықты сатып алуға қаражат бөлген бірлескен қайырымдылық жобасының қатысушылары: Шелл Казахстан, Эни, ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд., Тоталь, ЛУКОЙЛ, Камеко Қазақстан, Эр Ликид, Такеда.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/22506