Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Инсульт орталығы ашылды»

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ШЖҚ  «Көпсалалы медициналық орталығы» МКК базасында   қала бойынша төртінші «Инсульт орталығы» ашылды. Жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған «Инсульт орталығын» қала әкімінің орынбасары Б.Мәкен, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Қисықова ашты.

Орталық ми қан айналымының жіті бұзылуымен ауыратын науқастарды емдеу үшін 30 төсек орынға, оның 10-ы емделушілерді оңалту үшін қарастырылған.

Қазақстан Республикасында неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес 1 инсульт орталығы 250 мың халыққа есептеледі. Нұр-Сұлтан қаласында ми қан айналымының бұзуымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 2012 жылдан бастап II және III деңгейдегі 3 инсульт орталығы ұйымдастырылған. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№1 Көпбейінді қалалық ауруханасы” МКК базасында – Алматы ауданының тұрғындары үшін 3 деңгей, “№2 қалалық көпбейінді ауруханасы” МКК базасында – Есіл ауданының тұрғындары үшін 3 деңгей, “Орталық жол ауруханасы” ЖШС базасында – Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін 2 деңгей.

«Көпсалалы медициналық орталық» директоры М.Е.Төлеутаевтың  айтуынша, «…бұл орталықтың ашылуы ишемиялық инсульттің терапевтік терезесі шегінде ми қан айналымының жіті бұзылуы бар пациенттерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге, уақтылы тромболитикалық ем жүргізуге мүмкіндік береді….» Өз кезегінде, бұл инсульттан болатын өлім-жітімді азайтуға ғана емес, ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейін мүгедектердің санын азайтуға септігін тигізеді.