Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

№2 қалалық көпсалалы ауруханаға ақпараттық тур

Ағымдағы жылдың 8 қазанында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Түркияның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Бюлент Ақарчаламен кездесуі барысында берген тапсырмасы аясында. Түркиядан келген делегация үшін №2 қалалық көпсалалы ауруханаға ақпараттық тур өткізілді.

2 қалалық ауруханада қонақтармен аурухананың бас дәрігері Иван Ли кездесті. Делегаттар аурухананың қызметімен танысты. Кездесу  барысында инсульт кезінде көмек көрсету жүйесі және инсульттан кейінгі науқастарды емдеу қарастырылды. Тараптар Қазақстанда түрік мамандарының шеберлік сыныптарын өткізу мүмкіндігін талқылауға, ал отандық дәрігер-ангиохирургтарды оқуға Түркияға жіберуге келісті.

Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша Түркиядан келген делегация барған медициналық ұйымдардың әрқайсысымен тәжірибе алмасу және медициналық туризм саласындағы одан әрі ынтымақтастық бойынша екі жақты шеберлік сыныптарын өткізу туралы келісті.