Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

КВИ-мен ауырған жүкті әйелдерге «АМСК – пациент – стационар» бағыты әзірленді

Елордада ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі қалалық штаб өтті. Шараға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.

Медициналық ұйымдардың басшылары жүкті әйелдерді бақылау қандау деңгейде және болашақ аналарға медициналық көмек көрсетудің қазіргі жағдайын айтып шықты.

Штаб мүшелері экстрагенитальды ауруларға байланысты жүктілікке қарсы көрсетілімдер болған кезде кездесетін негізгі мәселелерге тоқталды, босануға қабілетті әйелдердің жүктіліктен бас тартуы мен тоқтатуы жағдайларын талқылады.

Отырыс соңында Магрипа Ембергенова медициналық ұйымдардың бірінші басшыларына ана мен сәби өлімін азайту жөніндегі шараларды жеке бақылауға алуды, босануға қабілетті әйелдерді динамикалық бақылау сапасына назар аударуды тапсырды.