Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Коронавирус жұқтырған соңғы науқас елордалық ауруханадан шығарылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 Көпсалалы қалалық аурухана коронавирус індет жұқтырып, ауруханада ем алып шыққан соңғы науқасты үйге шығарып отыр. 1967 ж.т. науқас жұқпалы аурулар ауруханасына 4 тамызда түсті. Госпитализция кезінде тексерулерден өткеннен кейін әйелге екі жақты вирустық пневмония диагнозы қойылған.

«Аурухананың барлық медициналық қызметкерлеріне алғысым шексіз. Сондай мейірімді, жылы лебізді көңілдерімен қарады. Тек дәрі-дәрмекпен ғана емес, саған деген жылы қарым-қатынастың көмегімен емделуге болатынын білген қандай керемет», – дейді әйел науқас.

Оның айтуынша, денсаулығының сыр бергенін байқап, үй жағдайында, амбулаторлы түрде ем қабылдады. Бірақ, денсаулықтың жақсармағаннан кейін, ауруханаға жүгінуге тура келгенін айтты. Әйелді ауруханаға шұғыл түрде жатқызып, тиісті ем-дом шараларын жүргізуді бастады.

«№1 Көпсалалы қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы болып беімделгеннен бері 3,8 мыңнан астам адам коронавирус індеті мен ауыр және орта деңгейлі пневмония диагноздарымен емделіп шықты. Оның ішінде 3,5 мыңға жуық науқас ауруханадан шығарылды», – деді аурухананың бас дәрігері Марат Абдуов. – Бұл уақыт аралығында стационарда 367 дәрігер жұмысқа жұмылдырылды, деп толықтырды сөзін.

18 тамыздан бастап әкімдіктің №1 көпсалалы қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде жұмысын тоқтатып, одан әрі негізгі қызметін шаттық режимде бастайды.

18 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 301 пациент коронавирус індетімен ауруханаларда ем қабылдауда. 5 шілдеден бастап елордада пневмониямен ауыратын науқастар саны 1 333 адамнан 179 адамға дейін азайды.