Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Күрделі өмір жағдайына тап болған және мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялауға арналған топтар ашылды

Бүгін мамандандырылған балалар үйінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен 4 жасқа дейінгі балаларға арналған күндізгі 2 топ ашылуына орай тұсау кесілді:

– күрделі өмір жағдайына тап болған балалар үшін «Ботақан» тобы;

– мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялау үшін «Күнім» тобы.

«Ботақан» тобының мақсаты – баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау, қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ата-аналарға білікті көмек көрсету.

«Күнім» тобының ашылуы –  мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету.  Балалардың оңалту топтарында болуы, жан-жақты медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек жағдайында әр баланың оңалуын толық іске асыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға ерте кіруіне, ал отбасы мүшелерінің өздерінің әлеуметтік және кәсіби мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға әкімнің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы, «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Каналимов Ерлан Ермекұлы, мәслихат депутаты Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қисықова Сәуле Дюсебекқызы ат салысты.

Іс-шараның аясында балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері қонақтарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды, балалардың ата-аналары ұжым мен басшыларға өз алғыстарын білдірді, сонымен қоса қазақ салттарына сәйкес кішкентай Ерке Исабаеваның тұсауын Ерлан Каналимов пен Қарақат Әбден кесті.

Мамандандырылған балалар үйін  ің директорі Кенжебаева Сәуле Кенжетайқызы ашылуға ат салысқан тұлғаларға алғысын білдіріп, күндізгі топтардың жұмыс істеуі үшін жергілікті орындаушы органдармен үлкен жұмыс атқарылғандығын айтып кетті.