Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/17

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Медициналық колледж бен СПИД-пен күрес орталығы жыл қортындысын шығарды.

Бүгін, 2020 жылғы 13 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы және Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында, ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Астанада АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық шоғырланған сатыда, алайда АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуының ұлғаюына байланысты жүкті әйелдердің АИТВ-ны жұқтырудың, аурудың өсуінде беталыстар бар. Осылайша, жыныстық қатынас арқылы жұқтыру деңгейі 85%-ға дейін жетіп, аурушаңдықтың өсуі 25 жағдайға артты. Орталықта антиретровирустық терапияны 909 пациент алады, емдеу тиімділігі 73% құрайды. Кеңес қорытындысы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, балаларда АИТВ-ның алдын алу және АМСК-мен тығыз өзара іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар бойынша неғұрлым тиімді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, медициналық колледж астанадағы орта медициналық қызметкерлерді даярлайтын оқу орындарының бірі.

Колледждің білім беру стратегиясы мен кадрлық саясаты Қазақстан Республикасындағы мейірбике ісін реформалау негізінде медициналық білімді дамытуға және тәжірибелік денсаулық сақтауға бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға арналған оқытушылардың үздіксіз кәсіби өсуіне бағытталған.

Кадрлық әлеует штаттық кестеге сай 255 бірліктен жинақталған. Оқытушылардың жалпы санаттылығы 76% құрайды, оның ішінде жоғары, бірінші біліктілік санаты және магистр дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 56%, екінші санаттағы оқытушылар – 18%. 2019 жылы профессорлық-оқытушылық құрам өтінім білдірген санаттар бойынша аттестациядан табысты өтті, осыған байланысты 2018 жылмен салыстырғанда санаттық көрсеткіштің өсуі 11,3% құрады. Академиялық бакалавриат және магистратура бойынша жоғары медбикелік білімі бар мейірбике оқытушыларының үлесі – 16 адам (16%). Бұл көрсеткіш «Денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын дамыту стратегиясы» Жол картасындағы маңызды индикаторлардың бірі.2019 жылдан бастап оқытушылар құрамы оқу үрдісін автоматтандыруға арналған «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуде. Негізгі мақсат – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының ақпараттық жүйелер ресурстарына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету. Жүйе пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін студенттер мен оқытушыларға арналған жеке электронды аккаунт құрылды.Түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша уәкілетті ұйыммен бірлесіп жүзеге асырылады. Бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектерге 100% жұмыс орны ұсынылды. Жұмысқа орналастыру бойынша медициналық ұйым, түлек және колледж арасында үш жақты келісім-шарттар жасалды.Тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Негізгі бағыттар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. 250 адамнан тұратын «Луч» еріктілер клубы ұйымдастырылған. Студенттердің ерікті қозғалысы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге, жетім балаларға материалдық көмек көрсетуге негізделген.Сонымен қатар колледж студенттері түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2019 жылы олимпиадалар, байқаулар және конференциялардың жеңімпаздарының саны – 148 адамды, 2018 жылы – 87 адамды құрады.Басқарма басшысы жыл қорытындысы бойынша сұрақтар қойды. Сонымен қатар, С.Д. Кисикова елімізде орта медициналық қызметкерлердің мәртебесі өсіп келе жатқандығын және білім беру сапасын жақсартуға ерекше назар аудару керектігін атап өтті.