Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Медициналық мекемелердің КВИ-ға қарсы вакцинациялау дайындығы қандай


Өткен аптада ресейлік Sputnik-V вакциналары жеткізілді. Препарат екі компонентті, үш аптада екі рет енгізіледі. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте елорданың бас дәрігері Тимур Мұратов хабарлады.

«Халықты COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық кезінде АМСК ұйымдарына 22 мұздатқыш қондырғы сатып алынды (температура режимі минус 18 градустан кем емес). Жабдықтар 19 ақпанда күтілуде», – деді Тимур Мұратов.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда
екпелерді қоймадан вакцинация орнына дейін тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 термоконтейнер бар.