Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Медициналық фотокөрме «Жақсы дәрігер»

Карантин кезінде қазақстандық дәрігерлер өз өмірлерін тәуекелге тігіп, елдің аманатын орындап, тәулік бойы көз ілмеді. Әрбір адамның денсаулығын сақтап, үміт сыйлап, вирусты жеңу миссиясын абыроймен әліде атқаруда. Дәрігерлердің мәртебесін көтеруге қолдау білдіру мақсатында ҚР Ұлттық музейде арнайы фотокөрме ұйымдастырылуда.

Фотокөрмеде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты ауруханалар мен емханалардың тыныс тіршілігі live форматта 200 ден аса фотосуреттер түсірілді. Әрбір кадрде дәрігерлердің мейірімді көзқарасы мен тынымсыз еңбегі анық таңбаланған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Коронавирус індеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Қазір бүкіл әлем осы салаға ерекше назар аударып, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуде. Бұл – заңды құбылыс. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені айбынды әскермен бірге мықты медицина да – мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз». #бізбіргеміз деген оймен осындай үлкен жоба жүзеге асқалы отыр. Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанаты барысында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Батырлар өз ортамызда» атты кітаптың /white book/ тұсаукесерін жоспарладық. Бұл кітапта Нұр Сұлтан қаласы әкімдігі, денсаулық сақтау қоғамдық басқармасына қарасты пандемияда қызмет еткен дәрігерлердің еңбектері насихатталады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев алғыс сөз білдірді. Салатантты ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер және Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты ауруханалар мен емханалардың директорлары, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысады. Алдын ала алғысымызды білдіреміз!

«Жақсы дәрігер» медициналық фотокөрменің ашылу салтанаты мен
«Батырлар өз ортамызда» атты кітаптың /white book/ тұсаукесері
Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық музей / Тәуелсіздік 54/
25 ақпан сағат 16:00