)
«Мейірім» көпбейінді медициналық орталық ЖШС қаралатын тұрғындардың «Медикер» ЖШС берілуі туралы
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Мейірім көпбейінді медициналық орталығы ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырыстан бас тартатынын хабарлайды.
Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы комиссия бекітілген халықты “Медикер Астана” ЖШС-не 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызмет көрсетуге беру туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, бұл шешіммен келіспеген жағдайда тұрғындар “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы нақты тұрғылықты жері бойынша басқа емханаға қайта бекітуді жүзеге асыруға құқылы, бұл ретте азаматтың ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) болуы тиіс.
Тіркелу үшін: www.egov.kz сайтында Азаматтарға – Денсаулық сақтау – Медициналық көмек бөлімдері арқылы өтіп, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға ұйымға тіркелу» бөлімінде қажетті бағандарды толтыру қажет.
Тіркелу бұдан бұрын тіркелген АМСК ұйымы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
“Медикер Астана” ЖШС Қорғалжын тас жолы 4/1 мекенжайы бойынша орналасқан; тел. : (87172) 797624, 79-76-76, 8-701-992-93-58.