Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Мемлекеттік емханада алғаш рет лазер көмегімен тамырдың түйнеліп кеңеюі бойынша операция жасалды

Мемлекеттік емханада алғаш рет лазер көмегімен тамырдың түйнеліп кеңеюі бойынша операция жасалды 

Бүгін №10 қалалық емханада лазер көмегімен аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюін алып тастау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Эндовазальды лазерлік абляцияны елдің жетекші ангиохирургы, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Әшімова жасады.

Шеберлік сыныбы Қазақстан Республикасының флебологтар қауымдастығының қолдауымен өтті. Қауымдастық президенті Тоқан Сұлтаналиев аяқтың түйнеліп кеңею ауруы адамзаттың кенттенуінен екенін атап өтті. Алайда бұл ауруды елемей жүруге болмайды. 

Тоқан Сұлтаналиев, Флебологтар қауымдастығының президенті

 «Аяқ тамырларының созылмалы ауруы өте жиі кездеседі. Ғаламшардың әр ересек тұрғынында бұл аурудың сол немесе өзге түрі кездеседі. Бұл ауру өлімге алып келмейді, бірақ қан ұйып қалған жағдайда, адам өліміне алып келуі әбден мүмкін. Бұл ауруды жеңіл деп бей-жай қарауға болмайды. Ауру асқынатын болса, арты мүгедектікке де жеткізуі мүмкін».

Шеберлік сыныбы аясында, екі күн ішінде №10 қалалық емханада 10 пациентке операция жасалды. Кейіннен мұндай операцияларды ағынға қою жоспарлануда.

Нұрлан Әшімов, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі

«Операция жарты сағаттан аспайды. Оперцияның тиімділігі мен орындылығы да осында. Оперцияға дайындау кезеңі стандартты: талдаулар тапсыру, терапевтте, қажет жағдайда сала бойынша мамандардың қарап-тексеруінен өту. Операция жасауға қарсы көрсеткіштер ішінде – қанның жасырын ұйығыш патологиясы, немесе, мысалы, егде жастағы адамда жүрек және ірі магистралдық тамырлардың ілеспе патологиясы болуы мүмкін. Мұндай кезде операция жасау өте қауіпті.

 

Сондай-ақ ауыр аурулары бар пациенттер: онкологиялық, инфекиялық аурулар болған жағдайда операция жасау қаупі артады.

Варикоз проблемасын әлеуметтік тұрғыдан шешу қажет, проблема – әлеуметтік, біз, әсіресе, азаматтарда әр күні аяғының ұйып қалу қаупі бар екеніне назар аударымыз қажет.

Бұл кездейсоқ өлім… айтқандай, көбіне жастар қайтыс болып жатады. Сондықтан да, мен, дәрігер ретінде менде де хирургтің ұстанымы бар, біз бұл технологияны барлығы үшін қолжетімді қылуға тиіспіз», – деп атап өтті Н. Әшімов.

Ангихирургтің айтуынша, мұндай операцияларды жүргізу технологиясы Батыстан келген. Ал жабдық мәскеулік мамандардан сатып алынды. Бұл жүйе толықтай интеграцияланған және роботталған – жарықтандырғышты сәулелендірген кезде автоматты режимде жұмыс істейді.

Аман Асабаев, Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі, доктор медициналық ғылымдар докторы, доцент, жоғары санатты хирург дәрігер.

 «Операция 90 пайыз наркозсыз жасалады. Жұқа жарықтандырғыш – арнайы лазерлік аппараттың көмегімен проблемалық учаскеге кіргізіп, тамырды дәнекерлейді. Бұл операциядан кейін із, күйік, гематома қалмайды. Пациент жарты сағаттан кейін үйіне қайтуына болады. Бұл ретте ол физикалық немесе психологиялық ауырсынуды сезінбейді. Мұндай әдіс Қазақстанда кеңінен таралмаған. Тек, негізінен, ақылы негізде жеке медициналық орталықтардан жасалады».

Асабаевтың айтуынша, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы сияқты ірі қалаларда мұндай операцияның құны 300 000 мыңнан 360 000 теңгеге дейін барады.

Аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюі кенттелген қоғамда барынша кеңінен таралған ауру болып табылады және аяқтың қан тамырларының орнықты қайтымсыз кеңеюіне және созылуына алып келетін ауруды қамтиды. Сондай-ақ ауру «тораптар» құрып, тамыр қабырғасын жұқартады.

Варикоз ауруы өте кең таралған. Түрлі авторлардың деректеріне сүйенсек, сол немесе өзге де дәрежеде оның белгілерінің білінуі дамыған ел тұрғындарының ішінен әйелдердің 89 пайызында, ерлердің 66 пайызында кездеседі.

Варикоз ауруының дамуына тетік қанның кері тоғының (рефлюкс) туындауымен тамыр клапандарының қалыпты жұмысының бұзылуы саналады.