Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/01/16

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

«Менингит. Алдын алу жолдары»

Менингококцемия (менингококкты сепсис) – Менингококпен шақырылатын кенеттен басталатын,жайлмалы түрде ауыр асқынулармен өтетін жедел инфекционды ауру. Инфекция көзі науқас адамдар және бактерия тасымалдаушылар, таралу жолы ауалы тамшылы. Дене температурасы 39-40 градус және одан жоғары көтеріледі, улану симптомдары, айқын көрінеді. Ауруға тән симптом – денеде, аяқ-қолдарда, бөкседе ауру басталғаннан 12-48 сағат ішінде геморрагиялық бөрітпелер ұсақ қанталаулардан, жұлдызшалы үлкен қан құйылуға дейін байқалып, ұстап қарағанда ол тығыз, теріден көтеріңікі болады. Қан құйылу ортасында некроз болуы мүмкін. Менингококцемия кенеттен болатын сипатқа ие болуы мүмкін, ол кезде қатты басталады, кенеттен қалтырау, қорқыныш сезімі пайда болады. Осының нәтижесінде  инфекциялық-уытты шок дамуы мүмкін. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысым төмендейді.

Менингит бұл – ми қабатын зақымдайтын қауіпті аурулардың бірі. Бұл ауруға көбіне балалар тез шалдығады. Менингит басқа аурулардың  мысалы : шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болуыда мүмкін. 

Менингит қалай жұғады

Менингит  бактериясы   ауа тамшылы   жол арқылы жұғады.   Кей  жағдайда тұмаудан толық жазылмаған жағдайда, тазалық сақталмаған жерде, көп адам шоғырланған  ортада,  кейде денеге түскен жарақаттан, іш сүзегінен пайда болуы  мүмкін. Көбiне суықтан пайда болатын ауру ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.  Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адамнан ауру жан  жақа  таралады.

Менингиттің белгілері:

Аяқ асты дене қызуының көтерілуі

Менингит белгілерінің бірі – Аяқ асты дене қызуының көтерілуі. Бала қалтырап, үнемі тоңатынын айтып шағымданады.

Науқастың бірден дене қызуы көтеріледі. Мұндай жағдайда дене қызуын бірден түсіру мүмкін бола қоймайды. Алайда дәл осы ауру нышаны басқа да дерт түрлерінде кездесетіндіктен, бала денсаулығындағы өзгерістерге мән беру керек.

Бас ауруы

Менингитке шалдыққанда бас ауруы . Сонымен қатар ауру мойынға да  әсер етуі мүмкін. Бірақ басының қатты ауыруы себепті, көпшілік мойнының ауырғанына мән бере бермейді.

Ал жаңа туылған нәресте еңбегінің томпайып тұруы менингит белгісі болуы ықтимал.

Көздің бұлдырап көруі

Менингитке шалдыққан адам бір нүктеге қарауы қиындайды, сондықтан алдындағы заттар анық  көре  алмауы  мүмкін.

Іш ауруы, жүрек айнып, құсу

Менингитке шалдыққан адамның тәбеті жоғалады. Оның үнемі жүрегі айнып,   жиі құсуы мүмкін.

Жарықты қатты сезіну

Менингит белгілерінің бірі – жарықтан қорқу. Жарық жерде баланың көзі жасаурайды. Тіпті жүрек айнуы мен бас ауруы асқына түседі.

Желке бұлшықетінің қатаюы

Менингитке шалдыққан адамдар көбіне басын шалқайтып, аяғы бүгілген күйде қырынан жатады. Науқас мойнын кеудесіне  жақындатуы  қиындайды.

Науқас аяғын жаза алмайды

Егер баланың мойнын ие алсаңыз, дәл осы сәтте бірден аяғы бүгіледі. Мұндай уақытта аяқты 90°-қа көтергенде, тізені жазу мүмкін емес.

Денедегі бөртпелердің түсін сақтап қалуы

Менингитке шалдыққанда, денеде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Оларды бөртпенің басқа түрлерінен қарапайым тест арқылы ажыратуға болады.

Мөлдір шынылы стақан алып, бөртпелердің үстінен басыңыз. Бұл кезде стақан астындағы тері ағаруы тиіс. Егер терімен бірге бөртпелер де ағарса, менингит белгісі болмағаны. Ал бөртпелер түсін сақтап қалса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

Емдеу жолдары

Жоғарыда айтылған белгілер пайда болған жағдайда бірден жедел жәрдем шақыртыңыз. Мүмкіндік болса науқасты тез арада ауруханаға жеткізіңіз. Менингиттен айығуға болады.  Дәрігерге дер кезінде қаралып, қажетті емді қабылдаған кезде менингит аурын жеңіп шығуға болады.

Алдын алу жолдары

Науқас анықталған бойда жедел СЭС-ке хабарлау.

Тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет. көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындарда міндетті түрде бактериялар болады;

Бір жастағы немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені  қайнамаған  суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін;

Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз;

Жеке бас гигиенасын сақтаңыз. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, мұқият түрде қолыңызды сабындап жуу керек;

Өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз;

Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс;

Науқас оқшауланғаннан кейін бөлме дезинфекциялық заттармен жуылып, желдетіліп, оның ауасы күлгін сәулемен және кварцпен тазаланып, науқастың ыдыстары мен ойыншықтары қайнатылады.

 

«№ 3көпбейінді қалалық балалар ауруханасы»

мемлекеттік комуналдық кәсіпорны

Қабылдау бөлімінің дәрігері

Хасанова Ж.И.