Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-сұлтан қаласында модульдік жұқпалы аурулар орталығы жаңа медициналық жабдықтармен толықты

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы медициналық мекемеге  “Multifiltrate жедел диализ жүйесі” (Германия) медициналық жабдығын сатып алуға 51 млн теңге бөлді. Бұл компания “Астана Моторс”құрамына кіреді.

COVID-19 -ға шалдыққан науқастарға көмек көрсету үшін қажетті аппараттарды алу туралы шешім Нұр-сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен келіссөз қорытындысы бойынша қабылданды.

«Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – коронавирустық инфекциясы зертханалық жағдайда расталған науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсету. Бұл инфекцияның пайда болған асқынуларына байланысты кейбір пациенттер қарқынды терапияны қажет етеді, бүйрек жұмысында елеулі бұзылулар пайда болады. Мұндай медициналық жабдықтың болуы науқастарға осы  жағдайдан емделіп шығуға көмектеседі. Біз Hyundai компаниясының  басшысына  Нұрлан Смағұловқа көрсетілген қолдауы үшін алғыс білдіреміз»,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 23 сәуірінде 200 төсек орындық КВИ бар науқастарды емдеуге арналған жаңа модульдік жұқпалы аурулар орталығы ашылды, оның ішінде 20 реанимациялық төсек бар. Бұл замануи инфекциялық орталық. Бөлмелерді желдету құрылғысыда ерекше. Барлық палаталарда ауа сорылып сыртқа шығарылып отырады. Осы арқылы ондағы медицина персоналымен пациенттердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Аурухана компьютерлік томографпен, ЭКМО аппаратымен, гемодиафильтрация   аппаратымен және басқа медициналық жабдықтармен жабдықталған.