"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

Мұратов Тимур Мұратұлы



Мұратов Тимур Мұратұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1977 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.

Білімі медициналық, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі, дәрігер» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институты «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі» – Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі,

Денсаулық сақтау жүйесінде 19 жыл қызмет етеді, оның ішінде 10 жыл басшылық лауазымда.

Еңбек жолын 2001 жылы елордалық №6 емханада уролог дәрігері болып бастаған.

2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы «Бас әскери емхана» ММ уролог дәрігері.

2004-2010 жылдары «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК уролог дәрігері.

2010-2012 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК урология бөлімінің меңгерушісі.

2012-2013 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.

2013-2015 жылдары Астана қаласы әкімдігі жанындағы «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігердің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «№ 2 Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

2017-2018 жылдары «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігері.

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қ. ШЖҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының бірінші орынбасары.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және Астананың 20 жылдығына арналған “Астана 20 жыл” мерекелік медальмен марапатталған.

Басшылық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Тұңғыш Президенті
Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Мұратов Тимур Мұратұлы
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Пайдалы бөлімдер

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің қаланы абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай байланыс орталығы