Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтанда ауруханаларға пневмониямен түскен науқастар саны 7 есе азайды

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының стационарында коронавирус пен пневмониядан 343 адам емделуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада коронавирус пен пневмонияның төмендеуіне байланысты науқастарды емдейтін стационарлар босатылады. Ауруханаға жатқызылғандардың саны бір жарым айда 10 есе азайды.

“5 шілдеден бастап ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 4 мыңнан індеттің өршуі кезінде 343 адамға немесе 10 есе азайды. Тиісінше төсек қорының жүктемесі 99% – дан 17,2% – ға дейін азайды. Стационарлардағы КВИ расталып, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2000-нан 137-ге дейін (14 есе) пневмониямен 1333-тен 198-ге дейін (7 есе) азайды”, – деді елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Пандемияның өршуі басылғанына байланысты КВИ-мен күресуге жұмылдырылған денсаулық сақтау объектілерінің саны қысқаруда. Осылайша, негізгі қызметін қайта бастаған алты денсаулық сақтау нысаны кезең-кезеңімен жабылды. Эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда олардың жұмысы жедел қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта 10 стационар іске қосылған.

КВИ анықталған жүкті, босанатын және босанған әйелдерге уақтылы медициналық көмек көрсету үшін 18 маусымнан бастап 185 төсекке арналған № 1 КҚА-да акушерлік блогы жұмыс істейді.

COVID-19 ауруы туралы статистикаға келетін болсақ, бүгінде қалада инфекцияның 13 500-ден астам жағдайы тіркелген. Көп бөлігі яғни 10 219 науқас (75%) емделіп шықты.