Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы вакцинация саны жеткілікті ме

Бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Басқарма қоймасында көлемі 360 литр, ал сақтау температурасы -18-25°С болатын 4 тоңазытқыш бар. БМСК ұйымдарында жалпы саны 20 мұздатқыш камера (-18°С) жұмыс істеп тұр. 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камералары жеткізіледі деп күтіліп отыр. Термоконтейнерлердің 82 бірлігі бар», – деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, басқарма ДСЭК-пен бірлесіп егу кабинеттерінің дайындығы мен вакцинациялау жүргізуге әрі “суық тізбекті” сақтау жағдайларының болуына мониторинг жүргізуді жалғастыратын болады.