Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтанда мобильді бригадалар пандемия басталғаннан бері 24 мың науқасқа қызмет көрсетті

Елордада пандемия басталғаннан бері мобильді бригадалар 24 мыңға жуық пациентке қызмет көрсетті. Қашықтық форматта 53 мың пациентке көмек көрсетілді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов атап өткендей, барлық кезеңде МСАК ұйымдарының сүзгі-кабинеттерінде 15 мыңнан астам оң жағдай анықталды. Олардың ішінде өзін-өзі тексеру 36%-ды, жоспарлы емдеуге жатқызу 27%-ды, байланыста болған адамдар арасында 30%-ды және т. б. құрады.

“ПТР-зерттеулермен қамту ұлғайды. Мәселен, егер зерттеулер саны қыркүйекте 58 мыңды құраса, онда желтоқсан айында 100-ге жуық зерттеу қамтылды (2021 жылғы қаңтарда 92 мың зерттеу арқылы 3327 жағдай анықталды). Бұл анықтауды арттыруға мүмкіндік береді” деп толықтырды Тимур Мұратов.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті қоры бар.