Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/15

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласында Казақстан онкологтары мен радиологтарының VII съезі  өтіп жатыр 17-18 қазанда.

НұрСұлтан қаласында Казақстан онкологтары мен радиологтарының VII съезі  өтіп жатыр 17-18 қазанда.

Біздің Нұр-Сұлтан қаласының онкология қызметі бүгінгі күні Көпсалалы медицина орталығының құрамында жұмыс жасайды. Онкология саласы біздің Елордада 65 жылдан бұрын құрылған жүйе. Бүгінгі күні біз өзіміздің алдыға қойған мақсатымыз: халықтың арасында бастапқы медицина орталықтардың ортасында обырдың алғашқы белгілерін кеңінен насихаттап, халықтың білімін сол бағытта кеңейту. Екіншіден, бүгінгі халықаралық стандарттарға, халықаралық хаттамаларға сәйкес ем жолдарын қолданып, халыққа мейлінше көмек көрсету болып табылады. Бүгін біздің орталық жаңағы халықаралық, жоғары деңгейдегі съездер, конференциялар, конгресстерге қатысып, сол жерден алған білім оған қосымша шеберлік сағаттарын өткізіп, шетелден келген мамандармен бірігіп, жаңа тәсілдерді, жаңа оталардың жолдарын іске қосамыз. Біздің орталықта заманауи талаптарға сай емдеу, диагностикалау құрал-жабдықтармен толық қаматамасыз етілгенбіз. Сондықтан біздің алға қойған мақсатымыз: халықтың ортасындағы обырға шалдыққан адамдарды ерте анықтап, бұл кісілерге нақты ем қолдану.