Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/04/19

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларында төсек-орын орналастырудың кезеңдері белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларында төсек-орын орналастырудың кезеңдері белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустың мүмкін деген өршуі жағдайында күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын толықтай жүргізуде. Осылайша COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресудің 3 кезеңді жоспар құрылды.

1 кезеңде 5 медициналық ұйымның базасында 1645 төсек-орын орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, көпсалалы медициналық ұйымдар жедел қабылдау және жоспарлы түрде науқастарды қабылдауды жалғастырады.

2 кезең бірқатар республикалық клиникаларда қосымша 1500 кереует орналастыруды қарастырады.

3 кезең кереуеттерді тек қалалық ауруханалар мен емханаларда ғана емес, сонымен қатар қонақ үй кешендері мен жатақханаларында бейімделген бөлмелерде орналастыруды қарастырады. Санитарлық дәрігерлердің тексеруінен кейін бірқатар медициналық ұйымдар «ковидтік ауруханаларға» резервте тұр.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшы орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, мұның барлығы 5600-ге дейін жұқпалы төсек-орын орналастыруға мүмкіндік береді, оның 465-і – реанимациялық. «Медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелердің ауыртпалығын бір уақытта күрт арттыруға жол бермеу керек» деп толықтырды басшы орынбасары.

Бүгінде 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппараты (оған дейін сондай 200-дей аппарат алынды), 2 компьютерлік томограф (жалпы қала бойынша 19), өкпенің зақымдану пайызын көруге мүмкіндік беретін 7 сандық рентген жүйесі; 3 оттегі резервуары қосымша сатып алынды.

Сонымен қатар қаланың емдеу мекемелеріне 500-ден астам оттегі концентраторы, 250-ге жуық өкпені жасанды желдету аппараты, 300-ге жуық флоуметр, 500 көпфункционалды арнайы кереует жеткізілді. Сондай-ақ 1600-ге жуық оттегі нүктесі бар.

Жақын арада медициналық жабдықтардан басқа жылжымалы флюорографиялық кешендер, сандық рентген жүйелері және жоғары дәлдіктегі желдеткіштер де келеді. Қазіргі таңда стационарларды өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз ету шамамен 94%-ды құрайды.

Бұл тұрғыда жұмыс толыққанжы жүргізілетін болады.