Нұр-Сұлтан, Қазақстан | 2021/03/05

Нұр-Cұлтан қ., Бейбітшілік көш., 11, 4 қабат

Басқарманың қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 55-68-23

Кеңсе: 8 (7172) 55-68-43, a.kairbekova@astana.kz

Баспасөз қызметі: 8 (7172) 55-68-41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс өткізу туралы жариялайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс өткізу туралы жариялайды.

Конкурсты өткізу орны мен уақыты: 2021 жылғы 15 ақпан;
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – кәсіпорын).

Атауы және орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы»  ШЖҚ МКК, пошталық мекен-жайы: 010000, Заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 11/1, тел.: 8(7172)35-12-32, 8(7172)32-12-55, e-mail: gdb1_glav@mail.ru.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаты: халыққа, оның ішінде балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек түрінде жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар конкурс: медицина саласындағы жоғары білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін – бейін бойынша)); «Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/ бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми/PhD докторы  дәрежесінің болуы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, Халық денсаулығы жай-күйінің статистикасын, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын.; отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтауды басқару жүйесінің теориялық негіздері, санитариялық ағартуды ұйымдастыру, халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау, адамның мекендеу ортасының факторлары, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.

Басталу және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау күні: 2021 жылғы 25 қаңтар мен 12 ақпан аралығында.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат; «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы, 3х4 (2 дана) фото.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы хатшы хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы, кандидаттардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Байқау кеңесі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынның даму презентациясы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынның дамуын таныстыру кезінде кандидат кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасауды және оларды шешу жөнінде шараларды ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары және оларды шешу үшін қолданылатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.